• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:44:18
Алматы
+35°

Халық әртісі Асанәлі Әшімов шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театры ел аралауға шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Өңірлік коммнуикациялар қымзеті алаңында өткен брифингте театр жетекшісі Талғат Кубеков мәлімеді.

«Театр әруақытта халықпен театр. Құрылғанына 1 жыл толған «Жаңа ғасыр» театрының алғашқы іс-сапарын 362 әулие мекен еткен киелі Маңғыстау өңірінен бастағанды жөн көрдік. Мақсатымыз - жас таланттарды халықпен таныстырып, елге көрсету»,- деді Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Жас театрдың бір ерекшелігі – мұндағы 27 әртістің барлығы бір оқу орнында, бір факультетте бірге оқыған курстастар. Қойылымдарын өздері жазып, өздері қойып, өздері ойнап шығады. Биыл ғана құрылған ұжым аз уақытта қоржынын 10 спектакльмен толтырып үлгерген. Кастюм, режиссер драмматург актерлар да өз ішінде. Бүгін Н. Жантөрин сахнасында жас актер Елдар Ташкенбайдың шығармасынан алынған «Соңғы қоңырау» поэтикалық комедиясын көрерменге ұсынбақ. мангыстау

«Қазір 21-ғасыр ғой. Бүгінгі көрерменнің көзқарасы бөлек, ойы бөлек. Соған лайықты, соған сай шамамыз келгенше тырысып жатырмыз.  Жаңашыл бір жол іздеп, ән, би кейін актерлердің рөл сомдау әдістеріне де өзгерістер енгіздік», - деді «Жаңа ғасыр» театрының көркемдік жетекшісі Талғат Кубеков.

Көрермендерін жаңа қойылыммен қуантуға асыққан «ЖАҢА ҒАСЫР» театры 17- қазан күні, сағат 12:00 де «Арыстан патша» мюзиклін, сағат 19:00 де «Айлакер жесір» комедиясын сахналайды.  Айта кетейік алғашқы іс-сапарын Маңғыстау өңірінен бастаған театр ұжымының келесі гастрөлдік сапары Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда облысында жалғасатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір