• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:30:16
+35°

Алғашқы тұтынушыларын осыдан 58 жыл бұрын қабылдай бастаған Тараз қаласындағы «Жамбыл» қонақ үйінде әр жылдары Кеңес одағына, кейіннен тәуелсіз Қазақстанға танымал азаматтар аялдаған. Олардың қатарында белгілі саясаткерлер мен кино жұлдыздар, эстрада әншілері де бар. Қала тарихымен қатар өрілген қонақ үй тарихының осы бір жарқын сәттерін есте сақтау мақсатында онда «Кеңес кезеңдегі «Жамбыл» қонақ үйі» атты мұражай жұмыс жасайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде туристер арасында тарихи орындарға деген қызығушылық өте жоғары. Әсіресе ол орындардың тарихында аты белгілі тұлғалар із қалдырса оған деген қызығушылық тіптен еселене түседі. Ал тұтынушыларын қабылдай бастаған жарты ғасырдан астам уақыт ішінде «Жамбыл» қонақ үйі түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткерді. Оның алғашқы 30 жылы кеңестік дәуірмен тұспа-тұс келді. Сондықтан мұнда алып одаққа аты белгілі мемлекет және өнер қайраткерлері, ақын-жазушыларына уақытша мекен етті.

Міне осынау тарихи ерекшелікті қаз-қалпында сақтау мақсатында қонақ үйдің бір бөлмесіне мұражай ұйымдастырылды. Мұражайға енген сәттен туристер кеңестік дәуірге тап болғандай күй кешеді.Кеңестік жиһаз, тіпті аспалы шамға дейін өткен ғасырдың 60-жылдарынан хабар береді. Төсек орындары мен өзге де жабдықтар жарты ғасыр бұрынғы қаз-қалпында. Мұражай бөлмесіне жеткенге дейін кез келген адам қонақ үйге әр жылдары орналасқан танымал адамдардың аты-жөні жазылған тізіммен таныса алады. Бұл тізімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та бар.Нұрсұлтан Әбішұлы бұл қонақ үй бөлмесінде ҚазақКСР-нің Министрлер кабинетінің төрағасы болып тұрғанда облысқа келген кезекті іссапарларының бірінде тұрған көрінеді.

Тарихи деректе «Жамбыл» қонақ үйі мен бұрынғы көк базар маңында Жамбыл ескерткіші ақынның 115 жылдығына орай бір күнде пайдалануға берілгенін айғақтайды. Осылайша бүгінде заманауи үлгіде жабдықталып өңірге қызмет бабымен, саяхаттау мақсатымен келген кез келген талғамды тұтынушыға сапалы қызмет көрсете алатын нысанда сонау кеңестік дәуірдегі Тараз тарихынан сыр шертетін мұражай қызмет көрсетуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір