• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:48:57
Алматы
+35°

Өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Тұңғыш-Президент–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығындағы табыстылықты арттыру үшін «ақылды технологияларды» пайдалану қажеттігіне басымдық берген болатын. Өз кезегінде Жамбыл агросекторды цифрландыру үрдісі жүйелі жолға қойылғанын атап өткен жөн, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен өсімдік шаруашылығымен айналысатын «СмартАгро Қарқара» және «Грин Вилл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Самғау» шаруа қожалығы өз қызметін ұйымдастыруда цифрландыру тәжірибесін кеңінен қолданылуда. «Самғау» шаруа қожалығы GPS бақылау орнатылған «Джондир» маркалы тракторын пайдаланады. Бұл құрылғы жүргізушісіз автоматты режимде арнайы бағдарлама көмегімен басқарылады. Тіпті тракторға алдын ала нұсқау беріп, жұмыстың түрі және көлемін көрсетуге де болады. Ал, «Смарт Агро Қарқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі егіс алқаптары қашықтықтан бақыланады. Сол арқылы агро құрылым тұқым себуде дәлдік технологияны қолданады. Нәтижесінде шаруалар тұқымның біркелкі себілуі мен жоғары өнімділікке қол жеткізді. Озық технология егіс алқабындағы арам шөптердің таралу алқабы жайындағы нақты мәліметтерді ұсыну қабілетіне ие. Осы мәліметтер арқылы бағдарлама алқапқа себілетін химиялық препараттардың мөлшерін де өзі анықтайды. Бұл технологияны тиімділігі тыңайтқыш пен препаратты нақты мақсатты орынға себу есебінен үнемдеуінде болып отыр.

Меркі ауданы аумағында қант қызылшасын егумен айнылысатын «Смарт Агро Қарқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Deutz Fahr L720 маркалы тракторын кәдеге жаратады. Навигаторлық жүйе арқылы жұмыс жасайтын бұл трактор алқапты өңдеуде нақты есептеулер жүргізеді. Соның есебінен шаруалардың жанар-жағар май мен тыңайтқыштар жұмсалатын шығындары екі есеге дейін кеміді. Серіктестікте дрондардың көмегімен егіс алқабының құнарлылық картасы жасалады. Бұл әдіс шаруаларға күзгі және көктемгі дала жұмыстары кезінде көп қолғабыс жасайды.

Сондай-ақ Қордай ауданындағы «Грин Вилл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжайы аквапоникалық әдіспен оңтүстіккореялық технологиямен жұмыс жасайды. Сондықтан да агрокешен аумағы толықтай компьютерлік бағдарламаның бақылауында болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір