• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 05:22:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

25 Қазан, 2019 NEWS

ШҚО Тарбағатай ауданында 1 952 көмек көрсетілді

Тарбағатай ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша көпбалалы аналар мен әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау шараларына баса назар аударылуда. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Серікқазы Садвақасов мәлім етті.

– Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін 1 952 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы мақсатта 485 млн 647 мың теңге қарастырылды, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, биыл атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 902 млн 624 мың теңге, жергілікті бюджеттен 120 млн теңге, жиыны: 1 млрд 022 млн 624 мың теңге бөлініп, 535 млн 645 мың 200 теңгесі игеріліп, 52,3 %-ды құрап отыр.

– Ағымдағы жылдың 8 айында аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға біржолғы материалдық көмек беру бағдарламасы бойынша 51 адамға – 2 млн 469,0 мың теңге берілді, – деді Серікқазы Садвақасов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір