• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:58:57
Алматы
+35°

Ағымдағы жыл соңына дейін Тарбағатай ауданында «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 153 адам кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Серікқазы Садвақасов мәлім етті.

– «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жоспар бойынша 56 адамға мемлекеттік грант тағайындалды. Сондай-ақ 14жұмыссыз азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ көпбалалы үш отбасыға, үш мүгедек адамға, 29 жасқа дейінгі 35 азаматқа республикалық бюджеттен 20 200 000 теңгенің қаражаты осы айда төленеді, – деді Серікқазы Садвақасов.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 8 млн. 524 мың теңге бөлінді. Ал «Жастар тәжірибесіне» 14 млн. 14 мың теңге қарастырылған. Жоспарға сәйкес аталмыш бағдарлама аясында жыл соңына дейін 37 адам оқитын болады. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 20 млн. 534 мың теңге бөлініп, 137 адамды қамту жоспарланған. Есептік кезеңде 126 адам жолданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір