• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:00:48
Алматы
+35°

25 қазан Семей қаласы әкімдігі жанындағы ақпараттық орталық өз қызметін бастады. Орталық "бір терезе" принципі бойынша халыққа қызмет көрсететін болады. Салтанатты ашылу рәсіміне әкімдік қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.  

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Шығыс-адалдық алаңы" жобасы аясында ақпараттық орталық құру бойынша шаралар кешенін жүргізуде.

– Жақында ғана өңір басшысы Даниал Ахметов халыққа электрондық қызмет көрсету деңгейін қатаң сынға алды. Бүгін облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, біз фронт-кеңсені іске қосамыз. Өткен жылы түрлі түсініспеушіліктер орын алған болатын. Бірақ енді  біз көптеген проблемалық мәселелерді еңсере аламыз деп үміттенемін. Біз үшін бұл жаңа жоба, сондықтан бастапқы кезеңде белгілі бір қиындықтар туындауы мүмкін және  біз оларды шешуге және тиімді жұмыс жасай алатынымызға сенімдімін, – деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Ақпараттық орталықтың жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтары қағидаты бойынша, яғни "бір терезе" қағидаты бойынша құрылатын болады. Мұнда азаматтарға қала әкімі аппараты, сондай-ақ әкімдіктің дербес салалық бөлімдері көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық тізбесі көрсетілетін болады. Сонымен қатар, әрбір азамат әкімдіктің салалық бөлімдерінің мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, проблемалық мәселелер бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ мұнда азаматтар жазбаша арыздарға, өтініштер мен шағымдарға жауап ала алады. Жұмыс күндері фронт-кеңсе таңғы сағат 9.00-ден кешк 18.30-ға дейін істейтін болады. 

– Мұнда барлық дербес салалық бөлімдерден мамандар жиналған. Яғни, азаматтарға барлық қабаттар мен кабинеттерге барудың қажеті жоқ. Бізге келіп, проблеманың мәнін баяндау жеткілікті. Өтініш міндетті түрде қаралады. Егер азаматтарға қандай да бір өтініш қалдыру қажет болса, оны фронт-офис мамандары қабылдап , қажетті инстанцияға жібереді. Жауабы он күн ішінде дайын болады. Бұл тұрғындар үшін де, әкімдік қызметкерлері үшін де ыңғайлы. Сонымен қатар, біз электрондық хаттарды да қабылдаймыз. Адамдар бізге өз шағымдарын танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жібереді. Барлығы да тыңғылықты қаралатын болады, – деп атап өтті фронт-офис мамандары.

Фронт-кеңсенің басты мақсаты-бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысын ашық әрі  халыққа қолжетімді ету. Ақпараттық орталық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ түрлі кедергілерді төмендетуге арналған. Жаңа фронт-офис қалалық әкімдік ғимаратының сол жақ қанатының бірінші қабатында орналасқан.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір