• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 07:24:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қазан, 2019 NEWS

Алматыда балабақша тәрбиешісі 6 жылға сотталды

Алматыда балабақшадан 5 жасар баланы ұрламақшы болған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, қылмыстық іс Медеу аудандық №2 сотында қаралды. Балабақшаның бұрынғы тәрбиешісі Саягүл Жақсылық адамды ұрлауға оқталу әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Ол қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі және 125-бабының 2-бөлімі, яғни адам ұрлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Соттың үкімімен Саягүл Жаңалық 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады", - деді соттың баспасөз қызметінің мамандары.

Тергеу материалдарына сәйкес, биыл 16 шілде күні үлкен қалпақ пен күннен қорғайтын көзілдірік киген келіншек балабақшадан Әлихан есімді баланы ұрлап кетпекші болған. Өзін тәтесі деп таныстырды. Бірақ жас тәрбиеші баланы бермей қойғаннан кейін ол ізін жасырған. Артынан 30 жастағы әйелдің сол балабақшаның тәрбиешісі Саягүл Жаңалық екені анықталды.

"Саягүл Жаңалық баланың ата-анасы жол апатына ұшырады деген сылтаумен баланы алып кетпекші болған. Бірақ жас тәрбиеші оны тоқтатып, дәл қазір ата-анасының қайда екенін сұрайды. Осы кезде Жаңалық далаға шығып кетті. Осылайша, өзінің қылмыстық әрекетін аяғына дейін жеткізе алмады. Ол артынан баланың ата-анасынан ақша талап етпекші болған", - дейді сот мамандары.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір