• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:10:55
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде "Қазақстанның жаңа әскери туы" бекітілді деп таралып, түрлі пікір тудырған ақпаратқа қатысты мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы депутат өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Бұл ту – фейк!

Әлеуметтік желілерде және Уатсапп мессенджерінде қазақстандықтар «Қазақстанның жаңа әскери туы» бекітілгені туралы хабарды талқылауда.
Осыған байланысты менің ұялы телефоныма ашынған азаматтардан хабарламалар түсе бастады.

«Православ кресіне келтірілген сияқты. Бұл тудың авторлары орыс сияқты, не шоқынған қазақтар», «Қазақы оюының өзі де крест, бұл не масқара!», «Төркіні христиандықтан бастау алатын Норвегияның, Швейцияның, Исландияның жалауынан ұрланған» деп шулап жатыр ел.

«Бақытбек! Жалаңтөске ескерткіш орынатқаны орынды. Бірақ биліктің мына ақпаратта айтылған ісі рас болса, іс насырға шабады. Неге ақпарат алаңында түсіндіру күресін жүргізбейсіңдер! Ел дүрлігуде, ал, «скорость паники во много крат выше геометрической прогрессии...» Билік тарапынан ақиқатты түсіндіретін жедел қимыл-әрекет керек!» деп жазды жаңа ғана ұлтжанды азаматтардың бірі.

Сондықтан бұл жаңалықтың жалған екенін жария еткім келеді.

Өйткені біріншіден, «Президент құрлық әскерлері, әуе күштері және әскери теңіз флоты үшін бірыңғай әскери тудың дизайнын бекітті және ол елдің барлық әскери бөлімдері мен оқу орындарында пайда болды», – деген ақпараттың бастапқы қайнар-көзі «Панорама» басылымы болып табылады. Ал ол өзін «сатиралық басылым» деп атайды, яғни жазатындары ақиқат ауылынан алыс қонған әзіл-қалжыңдар ғана.

Екіншіден, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарын жаңа байрақ пайда болған жоқ, бәрінде қолданыстағы тулары тұр.

Үшіншіден, Қорғаныс министрлігі басшылығымен де хабарластым, олар осы күндері еш әскери ту өзгертілмегенін растады.

Аңғал болмайық, ағайын! Көрінген құйтырқы әзіл мен фейкке сүйеніп, қазіргі аумалы-төкпелі заманда алтыннан да қымбат тыныштығымызды тоқырата бермегеніміз жөн" делінген жазбада.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір