• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:15:47
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы ШҚО Бесқарағай аудандық филиалында "Партиялық кадрлық резервке іріктеу" тақырыбында брифинг өтті. Онда Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, брифинг модетароры Омаров Болат Увалиұлы партиялық кадрлық резервке іріктеу тәртібінің ережесі мен ядролық электоратты қалыптастыру туралы кеңінен айтты.

Брифингке «Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы, блогерлер, журналистер, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Айта кету керек, партиялық кадрлық резервке іріктеу пилоттық режимде Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында ғана өтеді.

Өтінім 2019 жылдың 28 қазанынан 4 қараша аралағында қабылданады.

Іріктеуге Бесқарағай ауданында тұратын 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

– Партиялық кадрлық резервінің іріктеуіне тек "Nur Otan" партиясының мүшелері ғана емес, партия қатарына қабылданғысы келетін азаматтар да үміткер бола алады.

Партиялық кадрлық резервке іріктеу ағымдағы жылдың 21 тамызында Партия Төрағасы, Елбасы, Н. Ә. Назарбаевтың Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілуде, - деді «Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов.

Іріктеудің басты мақсаты ядролық электоратты қалыптастыру болып табылады.

«Ядролық электоратты қалыптастыру» жаңғырту Бағдарламасының бірінші импульсі. Ядролық электорат – бұл қоғамдық пікір көшбасшыларының жаңа пулы, халық пен партия мүдделерін қорғай алатын, жаңаша көзқарасы бар азаматтар, елдің дамуы мен халықтың мәселесі бей-жай қарамайтын ел жанашырлары.

Партиялық кадрлық резервке іріктеу – бұл ядролық электоратты қалыптастырудағы алғашқы қадам болып табылады.

Бесқарағай ауылы, С. Сейфуллин көшесі, 106 мекен-жайы бойынша Бесқарағай аудандық партия филиалына (ұйымдастыру комитетіне) келіп тапсыру арқылы, немесе https://nurotan.kz/auth/login сайтына тіркелу арқылы қатысуға болады.

Байланыс телефоны-8 (72236) 9-19-10).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір