• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:05:13
Алматы
+35°

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері Бағдат Мәнізоровтың жұмыстан шығарылмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство баспасөз хатшылығының мәліметінше, Мәнізоров әлі де ақысы төленбейтін еңбек демалысында. 

"Демалысы 1 қарашада аяқталады. Болған оқиғадан кейін жұмыстан шыға ма, жоқ па - өзі шешеді. Қандай жағдай болса да, ол штатта және облыс басшылығы оның қызметін жоғары бағалайды. Оны жұмыстан шығармайды", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны қыркүйектің соңында белгілі болды. Шенеунікке қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ол жазда осы қызметке тағайындалған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір