• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:39:41
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы тұрғын үй кезегінде тұрған бірқатар аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін жыл соңында баспана мәселесі түбегейлі шешілмек. Қазір облыс орталығындағы №5 «Қарасу» ықшамауданында әлеуметтік жатақхана құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік 4 жатақхананың бөлмесі облыс орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көп балалалы отбасыларға берілмек. Нысан пайдалануға берілгенде мұнда аталған санатқа жататын 180 тараздық отбасы паналайтын болады. Жалпы көлемі 8100 шаршы метрді құрайтын жатақханалар тұтас екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Мұндағы әр пәтердегі көлемі 52-54 шаршы метр шамасында. Аты жатақхана демесеңіз мұндағы әрбір пәтердің жеке ас үйі,әжетханасы және жуынатын бөлмесі болады.

–Біздің серіктестік құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастады. Қазіргі таңда бұл нысанға 500-ге жуық жұмысшысы жұмылды. Жатақхананы желтоқсанды пайдалануға беру жоспарланған. Сондықтан құрылыс жұмыстарына қосымша күш тартылады. Нысанды тапсырыс берушіге межелі мерзінде тапсыруға әлеуетіміз толығымен жетеді. Қазірдің өзінде біз құрылыс жұмыстары бойынша бекітілген кестеден бір апта мерзімге озып келе жатырмыз. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар толығымен аяқталды. Ендігі кезекте нысанды монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр, – дейді «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Мәди Изенбаев.

Жалпы құрылысы қатар жүргізіліп жатқан әрбір жатақханада 45 пәтерден болады.Мұндағы әрбір жатақхананың жобалық-сметалық құны 280 миллион 175 мың теңгені құрайды. Мердігер компания өкілдері құрылыс жұмыстарына негізінен серіктестіктің өз зауытынан шығарылатын өнімдердің қолданылып жатқанын айтады. Сондай-ақ мұнда құрылыс материалдарын өндіруші отандық кәсіпорындардың өнімдері де пайдаланылуда. Өз кезегінде бұл факторлар құрылысқа жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жатақхана құрылысы жайында алғаш рет ақпан айында облыс әкімімен көп балалы аналардың кездесуінде айтылған-ды. Сонда өңір басшысы көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруда мүмкіндігінше оларды баспанамен қамту тетіктерінің қарастырылатындығын жеткізген. Міне 8 ай ішінде сөзден іске көшкен жергілікті билік желтоқсан айында облыс орталығында көп балалы және аз қамтылған отбасыларға баспаналы болуы бақытын сыйлағалы тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір