• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:14:00
Алматы
+35°

Соңғы кездері Жамбыл облысына инвесторлардың ерекше қызығушылығы ояна бастады. Өңірдің транспорттық және географиялық әлеуеті сынды инвестициялық климатқа әсер ететін факторлармен бірге оның климаттық жағдайы да шетелдік инвесторлардың өңірге көптеп келуіне түрткі болып отыр. Өйткені өңірде түркиялық инвесторлардың қаржыландыруымен қуаттылығы 400 мегават болатын тағы бір күн электр станциясы салынбақшы, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл бірегей инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет етіп отырған «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Булган Ахмет Дюран мен бас директоры Уйгун Эюптың айтуынша инвесторлардың таңдауы Жамбыл облысына тектен-тек түспеген. Өйткені еліміздің оңтүстігінде орналасқан бұл аймаққа күн сәулесі өте көп түседі. Сондай-ақ кәсіпкерлер өңірдегі күн мен желдің оңтайлы қозғалысы да станция жұмысында басты фактор саналатынын жасырмады. Өз кезегінде, күн электр станциясы күн сәулесінен энергия алуда жаңа технологиялардың мүмкіндігін молынан пайдалануға иек артып отыр. Болашақта «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициясы есебінен елімізде 8 мың мегаваттық станция салынбақ.

Өз кезегінде жергілікті билік түркиялық инвесторларды барынша қолдауға әзір. Олардың өз жобаларын іске асыруына қажеттті барлық тетіктер қарастырылады. Жалпы Жамбыл өңірінде баламалы энергия өндіру бағытында мол тәжірибесі бар. Мәселен Жуалы ауданындағы «Бурное солар» күн электр станциясы 100 мегаваттық қуаттылықпен жұмыс жасауда. Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылы маңындағы станцияға қажетті электр энергиясын өндіруге қажетті күн панелдері 74 гектар аумаққа орналастырылған. Өткен жылдың соңында екінші кезеңі іске қосылған станция 40 мың үйді электр жарығымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сонымен қатар Сарысу ауданында да жаңа электр станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сәйкесінше бұл жобалардың инвестиция тартып, жергілікті жердің экономикалық әлеуетін көтеруден бөлек өңірдегі өзге мемлекеттің электр энергиясына тәуелділік мәселесінің де шешімін қарастыруымен ерекшеленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір