• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
07 Желтоқсан, 23:19:13
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбыл облыстық "Знамя труда" газеті басылып шыққанына 100 жыл толды

Ағымдағы жылы Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің басылып шыққанына 100 жыл толады. Ең алғашқы саны 1919 жылдың тамыз айында «Аулиеатинский вестник» атауымен жарық көрген басылым содан бергі аралықтағы І ғасыр ішінде облыстың қоғамдық-саяси өмірін сан қырынан сөз етіп, тарихтың қатпарында қалдырып келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Басылым тарихы өткен ғасырдың екінші он жылдығынан басталады. Алғашында Әулиеата уездік комитетінің ресми органы болған газеттің атауы 11 рет өзгеріп, кей тұста қағаз тапшылығына байланысты шықпай да қалып жатты. Тұтас бір дәуірдің куәгері атанған басылым осы кезеңдегі әртүрлі саяси оқиғалардың бел ортасынан табылды. Оның көбін тасқа басып, тарихқа аманаттады. Тек өткен ғасырдың 60-жылдарында «Знамя труда» болып аталғанға дейін газет «Беднота», «Профессиональный вестник», «Вольная беднота», «Сталинский путь», «Коммунист» сынды бірнеше атпен шықты.

–Ал 1963 жылдың 1 мамыры газет тарихында қалған елеулі күндердің қатарында. Ең бірінші саны «Әулиеата жаршысы» болып жарық көріп, жарты ғасырға жуық уақытта бірнеше мәрте аты өзгерген басылым осы күнге дейін «Знамя труда» деген жаңа атаумен шыға бастады. Соғыстан кейінгі жылдары бұл басылымда Ғани Әлиев, Иван Лукашевич, Али Исеев, Иван Попашенко, Ефим Яковлев, Петр Комаров сынды білікті тілшілер еңбек етті. Редакцияның шығармашылық ұжымына кейіннен қосылып, бүгінде аға буын атанған Анатолий Молчанов, Леонид Никитин, Амантай Айзахметовтер бұл басылымның аяққа тұруына үлкен еңбек сіңірді. Осы басылымда еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Альфред Славутский, Вера Людосанова, Лариса Чепкасова, Светлана Манько, Наталья Перфильеваның да газет оқырмандарына жақсы таныс,–дейді «Знамя труда»газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко

Бұл басылымды алғашқы ұйымдастырушылардың бірі ретінде белгілі орыс ақыны Анна Алматинскаяның да аты аталады. Сол тұстағы Түркістан Респуликасының ТуркРОСТА агенттігі тілшісі болған Анна Әулиеатаға келіп «Радиограммы РОСТА» атаумен ақпараттық парақшалар шығара бастады. Одан кейінгі жылдары бұл басылымның шығармашылық ұжымын басқарған Лев Негрышев, Николай Токарев, Михаил Сергейчик, Вениамин Чундеров, Диана Гончарук, Владимир Козыренко, Ирина Маликова, Людмила Перекольская, Игорь Неволин, Бекет Момынқұл сынды редакторлар да газетке соны соқпақ, өзгешелік ала келді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір