• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:20:36
Алматы
+35°

Тараз қаласының аумағында бірқатар жолдар мен көше бұрылыстарында, тұйықтарда жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде Тараз қаласындағы жалпы ұзындығы 78, 022 шақырым болатын жол, яғни 138 көше және бұрылыстар мен тұйықтарда жөндеу жұмыстары қолға алынған. Мұндағы 85 учаскеде асфальттау жұмыстары жүргізілсе, 20 көше мен 3 бұрылысқа асфальт жабындысы төселуде. Қазір бұл жұмыстар өз мәресіне жетіп қалды. Сонымен қатар облыс орталығындағы 46 көше мен 14 бұрылыс, 2 тұйыққа асфальт жабындысын төсеуге дайындық жұмыстарына да қан жүгірді. Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде қаладағы барлығы 1 330 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесі де күн тәртібіне қойылып отыр.

Қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары шаһардың «Тайвань» алқабында қарқын алған. Мұнда ұзындығы 27,7 шақырым болатын 18 көшеге тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде аталған алқаптағы 14 көшеге тас жол төселді. Тараз қаласындағы көшелерді жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 481 миллион 564 мың қаржы қарастырылып отыр.

Өз кезегінде ұзақ жылдан жөндеу көрмеген көшедегі құрылыстың қарқыны жергілікті тұрғындардың көңілінен шығуда.

–«Тайвань» алқабындағы Д. Менделеев көшесінде тұрып келе жатқаныма қырық жылдан асты. Осы уақыт аралығында көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Біздің көшенің тұрғындары жол азабын бір кісідей тартты. Әсіресе жауынды кездері батпақтан аяқ алып жүру мүмкін емес еді. Амалсыздан аяқ киімнің сыртынан пластик пакет киген күндер де болды. Енді міне Асқар Мырзахметовтің бастамасымен көшемізге жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Өңір басшысына көше тұрғындары атынан аналық алғысымды жеткізгім келеді, – дейді «Тайвань» алқабындағы Д. Менделеев көшесінің тұрғыны Аруна Мұсабекова.

Жалпы өңірдегі соңғы жылдары тұрғындар үшін қажетті инфрақұрылымдар жүргізу ісінде ілкімділік байқалады. Әсіресе көшелерді жөндеу ісі қарқынды жүргізілді. Бұған дейін басты назарда орталық даңғылдар болса ендігі кезекте шағын аудандар мен қала сыртындағы тұрғын алқаптарындағы жол азабын тартқан ағайынның жай-күйіне басымдық берілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір