• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:58:50
Алматы
+35°

Бүгінгі күнде өңір тұрғындарын баспанамен қамту ең өзекті мәселе саналады. Өйткені баспана кезегінде тұрған азаматтардың сұранысын қанағаттандыру өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық дамуды екшеуде басты көрсеткіштің біріне айналды. Бұл орайда, Жамбыл өңірі Қазақстан-Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндігі молынан пайдалануда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл өңірінде аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында биыл жалпы сомасы 20 миллиард 200 миллион теңге болатын қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 30 тұрғын үй мен 187 арендалық пәтер сатып алынды. Сондай-ақ облыстағы 15 тұрғынүй алқабындағы инженерлік инфрақұрылыммен дамыту жобалары мен 11 ішкі алаңда абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

–Келер жылы мемлекеттік бағдарламаға қарастырылған 18 миллиард 300 миллион теңге қаржыға 38 тұрғын үй мен 261 арендалық пәтер сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ өңірдегі 12 тұрғын үй алқабы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы ағымдағы жылы облыстың нақтыланған бюджетіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар, тұрғын үйлер мен өзге де әкімшілік ғимараттардың құрылысын жүргізу жұмыстарына 28 миллиард 348 миллион теңге қарастырылды. Аталған қаражаттар есебінен өңірде барлығы 90 нысанның құрылысы іске асырылып жатыр. Мұндағы 70 нысандағы құрылысы жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Ал қалған 20 нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Күні бүгінгі күнге дейін облыста құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған 21 нысандағы тиісті жұмыстар аяқталып, тапсырыс берушінің балансына берілді,–дейді облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров.

Өңір тұрғындарын аталған мемлекеттік бағдарлама есебінен тұрғын үймен қамтуда ең әуелі көп балалы және аз қамтылған отбасылар санатына басымдық берілуде. Сәйкесінше бүгінгі күнде облыста 1768 көпбалалы отбасының тұрғын үй кезегінде тұрғаны анықталды. Ендігі кезекте баспанамен қамту шараларында тұрғындардың дәл осы санатына айрықша мән беріледі. Бүгінде Тараз қаласының өзінде дәл осы санатқа жатқызылатын отбасыларға арнап 4 әлеуметтік жатақхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Желтоқсан айында аяқталатын жатақханада 180 отбасы баспанамен қамтылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір