• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:45:03
Алматы
+35°

29 қазан күні Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы музыкалық аспаптар мұражайында «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл аталмыш байқауға 10 жыл. Осы аралықта жүлде 8 мәрте беріліпті.

Таза энтузиязмнан туған жобаның ғұмыры келте болмай, қалам тербеуші жандарды қолдап, отандық әдебиеттің дамуына үлес қосып келе жатқаны қуантады. Талай қаламгерді шабыттандырып, оқырманға сапалы шығармалар ұсынылуына себепкер болған байқауға келіп түскен туындылар биыл да аз емес. Жүлде үшін ұзын-ырғасы 397 автордан 778 шығарма сынға түскен. Оның арасында шетелдік шығармалар да бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл додаға Украина, Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Молдова, Өзбекстан сынды елдердің үміткерлерінен де жұмыстар түсіпті.

Шығармалар үстіміздегі жылғы 15 наурыздан, 15 қыркүйекке дейін қабылданған. Мұнан соң 1 қазанға дейін оқырмандардан дауыс қабылданған. Жүлденің ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы сапына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енген.

Әдеби жүлденің серіктесі “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы ұсынған 1 млн теңгелік басты қаржылай сыйлық биыл балалар жазушыларына тағайындалыпты. Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың төл әдебиетпен сусындауына маңыз беріп, осындай тоқтамға келген.

Сонымен, балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін Қарлығаш Сарыбаева жеңіп алды.

Қарлығаш

«Жылдың үздік поэзиясы» аталымында Дәурен Тілеухан (Ақтөбе), «Жылдың үздік прозасы» номинациясында Гүлнәр Ізтаева (Шымкент) үздік деп танылды. «Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы» жүлдесі Қуаныш Жиенбайдың (Астана) шығармасына берілсе, «Жылдың үздік сатирасы» жүлдесі атыраулық Амандық Сағынтайұлына, «Жылдың үздік фантастикасы және детективі» сыйлығы Оралбек Бекболатқа (Кентау) тапсырылды.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар әдеби жүлде атынан қазақтың халық жазушысы, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовке «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» аталымының берілгенін хабарлады.

Орыс тіліндегі шығармалар бойынша жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

«Лучшая поэзия года» – Ольга Кувшинникова (Усть-Каменогорск); «Лучшая проза года» – Қуаныш Жиенбай (Астана); «Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз» – Ксения Евдокименко (Алматы); «Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» – Ерлан Кошкинбаев (Алматы); «Лучшая фантастика и детектив года» – Альнура Курмангали (Алматы); Лучший киносценарий и драматургия года» – Ксения Евдокименко (Алматы).

Жүлдегер шығармалар мен өзге де туындаларды www.akalam.kz сайтынан оқуға болады.

р

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір