• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қаңтар, 05:57:42
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

30 Қазан, 2019 NEWS

Әлемдегі ең қарт әйел Тәнзилә Бисембеева өмірден озды

Ресейдің Астрахань об­­лы­сы Краснояр ауданы Алша поселкесінде тұ­рған этникалық қазақ Тәнзилә Бисембеева 125 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 2016 жылдан планетадағы ең қарт әйел адам ретінде ресми танылған болатын, деп жазады rg.ru сайты.

Марқұмды соңғы сапарға аттандыруға келгендердің арасында Краснояр ауданының басшысы Нұрғали Байтеміров те болған.

Тәнзилә Бисембеева 1896 жылы патшалық Ресей заманында туып, револю­цияны, Ұлы Отан соғысын, режимнің, саяси көсемдердің ауысуын, КСРО-ның құлауын, екінші мыңжылдықтың келуін көрген.

Тән­зилә әжей үйде 8 баланың үлкені болған. Революциядан кейін тұрмыс құрып, колхозда ең­бек етеді. Ұлы Отан соғы­сы басталған шақта күйеуі май­данға кетіп, Тәнзилә Бисембеева өзге әйелдермен бірге окоп қазып, бағана тасып, қара жұмысұа тартылады.
 
Күйеуінен 1942 жылдан бастап еш хабар болмағандықтан, соғыс аяқталған соң 52 жасында екінші рет тұрмыс құрады. Тәнзилә Бисембеева екінші жарынан төрт құрсақ көтереді. Тұң­ғышы шетінеп, қалған үшеуі ел қатарлы өсіп-өнеді. 3 баладан 10 немере, 25 шөбере, 2 шөпшек сүйген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір