• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:21:34
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдап, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағының "Алтын жұлдыз" айрықша ерекшелік белгісін табыстады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы жазушының ұлттық әдебиетіміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосқан елеулі үлесіне тоқталып,  95 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздегі жоғары наградамен марапаттағанын атап өтті.

"Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін" – деді  Тоқаев.

Ал Ә.Нұрпейісов Президентке алғысын білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына табыс тіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір