• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:06:59
Алматы
+35°

Ұлт жоспары бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның II -тарауы түгелдей сот және құқық жүйесіне арналған. Бұл дұрыс та шығар. Өйткені Ұлт жоспарында сот саласы тұтастай реформалануы керектігі айтылған. Ал 100 нақты қадам Ұлт жоспарында атап көрсетілген тапсырмалар соңғы жылдары қалай жүзеге асып жатыр? Судьялардың қызметі немесе кімдер судья бола алады, бұл саладағы судьялардың біліктігін қалай арттыруға болады?  Еліміздегі  судьялар мен сот процестерінде қандай өзгерістер орын алды? Әділдік іздеген азаматтардың арыз -шағымы қаралды ма? Сот жүйесінің бүгіні қандай, кеше қалай болды? Осы және басқа да аталған сауалдарға байланысты  Жоғары соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовты сөзге тартқан болатынбыз. Баспасөз хатшысы бізге біраз мағлұматтар беріп, сонымен қатар деректерге толы инфографиялық роликті жариялауды өтінді.

Сонымен сот саласында қандай өзгерістер бар?

Сот жүйесінде соңғы соңғы жылдары бірқатар жаңашылдықтардың іске асқаны мәлім. Олар туралы бұдан бұрын да айтқан болатынбыз. Елбасы мен Президенттің тапсырмаларына сәйкес судьялық кадрлар құрамын жақсартуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға зор көңіл бөлінуде.

Цифрлар – артық әңгімені қажет етпейді, сондықтан реформаның нәтижесін инфографика арқылы беріп отырмыз.

Әрине, ең басты мақсат – әділдік іздеген адамдарға көмектесу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Деректерді талдау нәтижесі сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының қызметіне, судьялар мен сот процестеріне қатысушылардың санасына оң өзгерістер алып келгенін көрсетеді.

Екі фрагментті ғана мысалға келтіре кетейін:

9 ай ішінде республика соттарына келіп түскен қылмыстық істердің саны 2015-2018 жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24%-ға азайған. Бұған ақтау үкімдерінің көптеп шығарылуы ықпал етті. Тергеушілер дәлелдеу жағы кемшін болса, судьялардың айыптаушыларды ақтайтынын білгендіктен, өз жұмыстарына мұқият қарай бастады. Соттар адамдарды қамауға алуға, мүліктеріне тыйым салуға санкция беруден бас тартып, тұрғындардың тергеу органдарына шағымдарын қанағаттандыруда. Осылайша, тергеу сатысында азаматтардың құқықтарын қорғауға айрықша мән берілуде.

2015-2018 жылдардың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өткен 9 ай ішінде соттарға азаматтық істер 32%-ға кем түсті. Мұндай көрсеткішке татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану арқылы қол жеткізу мүмкін болды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір