• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:59:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 NEWS

Шымкенттегі атысқа байланысты тың деректер пайда болды

Полицейлер Шымкенттегі  атысты кім шығарғанын анықтады – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкенттегі «Сүндет» кафесінде болған атыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам зардап шекті. Ал төртеуі әлі ауруханада жатыр. Полиция қарулы шабуыл ұйымдастырған екі адамның кім екенін анықтады. Алайда, олар әлі ұсталған жоқ.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, атыс ұйымдастырғандардың арасында бұған дейін сотталғандар да бар,

"Күдіктілер бар, кімнің оқ атқаны анықталды. Қазір бұған не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар. Бұл небәрі бір тәуліктің ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі. Қару тәркіленді ", – деді ол.

Қылмыстық іске қатысты полицейлер қылмысқа көлікте табылған қомақты ақшаның қандай қатысы бар екенін де анықтап жатыр.

Сондай-ақ  теңге және доллармен сақталған қаражат кафе маңында тұрған көліктердің бірінен табылған болатын.

Қазіргі таңда зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екеуіне де оқ тиген.

"Төрт ер адам ауруханаға жеткізілді. Бәріне оқ тиген, жағдайы ауыр. Екі адамға ота жасалды. Ал екеуі хирургия және травматология бөліміне ауыстырылды. Бесінші адам дәрігерлер тексерген соң бірден үйіне жіберілді", – деді №1 Шымкент ауруханасының бөлім басшысы Өткіржан Молдаханов.

Полиция зардап шеккендер мен оқ атқан адамдардың бір-бірімен таныстығын анықтауда. Одан өзге тергеушілер қаруды сараптамаға жіберді. Қаскөйлер оны оқиға орнынан 300 метр жерде лақтырып кеткен.

Қылсыстық іс адам өлтіру және заңсыз қару сақтау баптары бойынша тергеліп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

Ілмек сөздер: Шымкент атыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір