• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:18:01
Алматы
+12°

Желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың 30 соттық жерді алғаны туралы талқылап жатқан видеосы жарияланды,– деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода Мәнізоров үстелде отырып, көрінбейтін әңгімелесушімен біреуден 30 соттық жерді алғаны туралы сөйлеседі. 

"Видео Антикоррупциялық қызмет департаменті ғимаратында түсірілген, сөздерді мәтінне кесіп алған. Видеоны жариялау бойынша тиісті арыздар жазылады. Жер телімін қайта рәсімдеу үшін заңгер қызметін пайдаланғаны үшін төлем жасалуы керек болған. Осы жерде Бағдат Мәнізоров осыны түсіндіріп тұр. Олар заңгер Шаловқа төлем жасау керек болған. Ол да бұл істе фигурант, бірақ оның Мәнізоровқа еш қатысы жоқ.

Алайда арыз берушілер төлем жасамаған. 30 соттық жерге Бағдат Мәнізоровтың еш қатысы жоқ. Барлық қолдан құрастырылған, бұл осы видеодан көрініп-ақ тұр, Бағдат Мәнізоровтың ар-намысы мен іскерлік абыройына нұқсан келтіру үшін істелген әрекет.

Менің ойымша, соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы адамдардың ойын өзгерту үрдісі кері әсерін беріп жатыр. Сол себепті осындай монтаждалған ақпараттармен күресу үшін мемлекет реттеу механизімін ойластыруы керек. Әрине, интернетте де желіде де шара қолданылуы тиіс", – дейді адвокат Алмас Демесінов.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір