31 Қазан, 2019 Барлық аймақтар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сөз сөзінде, бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердің 20 жылдық еңбек өтілімімен алатын жалақысы ел бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда аз екенін атап өтті.
Жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесіне сүйенсек, Сингапур, Гонконг, ЕО елдері мемлекеттік қызметтегі азаматтардың жалақысын көтеру арқылы білікті мамандарды көбірек тартып, бұл мәселенің шешімін тапқанын мысалға алды.
Төраға Алик Шпекбаев соңғы бес жыл аралығында 75% жемқорлық бойынша қозғалған қылмыстық істе жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкердің жалақысының төмен екенін негізге алды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір