• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:25:27
Алматы
+35°

«Астана LRT» ақшасын жымқыру ісі бойынша жүріп жатқан тексеріс аясында астаналық әкімдіктегі лауазымды тұлғалар тергелуде. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі екінші тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов айтты, деп жазады forbes.kz.

Ведомствоның бағалауы бойынша келген залал сомасы миллиард теңгеден асқан.

– Тергеу жалғасуда, бірқатар сараптамалар соңына таяп қалды. Олар бойынша залал сомасы еселеп артып, 1 млрд теңгеден асты. Бүгінде іс бойынша 6 адам күдікке алынған. Арасында әкімшіліктің 4 жоғары лауазымды тұлғасы бар, – деді Сергей Перов.

Тергеу аясында құрылыс жұмыстарының көлемін тексеру үшін арнайы мамандар тартылыпты. Барлық сараптамалар мен қорытындылардың нәтижесі бір ай ішінде ұсынылады деп күтілуде. Күдікке ілінген «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданға интерпол желісі арқылы халықаралық іздеу жарияланған. Өзге күдіктілер қамауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір