• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:32:47
Алматы
+35°

"Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу өтуде, –  деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәлімдеуінше, оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде.  Яғни ол жерге орналастыру жобасына қол қойғаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Ал шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және келу туралы келіп түскен міндеттемеге байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір