• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:33:46
Алматы
+35°

Украина президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан ел басшысы Владимир Зеленский өзінің командасына бағытталған теріс пікірлер мен сындардан шаршағанын айтты – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, Gazeta.ru -ға сілтеме жасап.

Президент өкілінің айтуынша, Зеленский теріс пікірлерді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сындарды "өте ауыр қабылдайды".

"Өте қиын. Ол шаршады... Әсіресе, теріс пікірлерден шаршады. Бізге көптеген негативтер түсіп жатыр. Оны бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқыған  кезде,  бұны өте ауыр қабылдайды" – деді Богдан.

Сонымен қатар, әкімшілік басшысы Зеленскийге Facebook-тегі жазбалар "бұрмаланған ақпарат" болғандықтан, оқуды доғаруға кеңес берді.

Оның айтуынша, Зеленский Украинаның имиджін жақсарту үшін белсенді жұмыс істейді және оған көп күш жұмсайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Владимир Зеленский

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір