• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:35:18
Алматы
+12°

Республикалық Электронды сауда алаңында Атырау облысы Мақат ауданының орталығындағы зәулім мешіт сатылымға шығарылды. 311 шаршы метр аумағы және 0,3575 га жер телімі бар нысан бағасы – 102 020 907 теңге. 

Мешітті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq-ruhy дерегіне сүйеніп.

Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мешіт елден қашып кеткен облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтердің мүліктерін тәркілеу кезінде мемлекет меншігіне өткен.

Нысанды 5 жұмыс күні ішінде заңды тұлғалар өз меншігіне алуға құлық танытпаса ол аукциондық сатылымға шығарылады.

«Қазіргі таңда Мақат аудандық әкімдігі мешітті коммуналды меншікке алу мәскелесін қарастырып жатыр. Ғимарат негізгі міндетін атқара береді, яғни ғибадат жасайтын орын болып қала береді», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір