• USD 416.91

  • EUR 446.47

  • RUB 7.34

  • CNY 62.53

25 Мамыр, 07:02:30
Алматы
+18°

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова Egov порталындағы блогында Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер қалай киінуі керектігі туралы айтты.

Оның сөзінше, мемқызметкерлер гардеробында қысқа шұлықтар, ашық-шашық киімдер болмауы тиіс. Бұл нормалар этикалық кодексте көрсетілген.

Ведомство басшының айтуынша, киім жинақылық, іскерлік талаптарына жауап беруі қажет. Яғни мемқызметшілер классикалық киім үлгісіне басымдық береді.

Ерлерге жұмысқа қысқа шұлық, қыртыс-қыртыс костюм, кір жейде киюіне болмайды. Сондай-ақ галстуктың дұрыс байлануына, түймелердің орнында болуына көңіл бөлуі керек. Аяқ киім тазалығына да аса мән беріледі.

Костюм мен көйлек түсінде ашық немесе қара, қошқыл реңктер құпталады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір