• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:04:55
Алматы
+35°

Ресейлік блогер Будда Гришн ұлының атын Димаш деп қойған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол өз ұлының Димаш Құдайберген секілді қарапайым, тәрбиелі азамат болып өскенін қалайтынын айтты. 

"Ұлымның Димаш секілді өнегелі, тәрбиелі, рухани бай азамат болып өскенін қаладым. Сіздер мұны хайп деп ойлайтын шығар деп ойлап, айтқым келмеген. Мен Димаш Құдайбергенді қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Бала тәрбиесінде аздап болсын Светлана мен Қанат Айтбаевтарға ұқсағым келеді. Ұлымның Димаш Құдайберген сияқты өнегелі, рухани бай, керемет адам болып өсуіне септігімді тигізгім келеді. Сондықтан ұлымның есімін Димаш деп қойдым. Алғашында мен ұзақ ойландым. Бірақ қазір өкінбеймін", - дейді блогер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір