• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:52
Алматы
+35°

Жағымпаздар мемлекетінде тұрам ба?

Кілең мақтау – үлкен-кіші басшысын,
Сол арқылы жоқ-жітігін толтыру.
Білген жанға ол жағымпаз – басты сұм,
Мақтағанша, дұрыс па еді өлтіру?

Тойым білмес жемқорлардың апаны –
Сәт сағатта жүзеге асар ойға алған.
Бір сұмдығы – жағымпаздар қатары,
Бастау алар үлкен-кіші тойлардан.

Қаулап өскен құдайдан да зорғылар,
Түсініксіз, көзім алды тұман ба?
Кілең кеппе, жалпақ-шешей сорлылар,
Жағымпаздар мемлекетінде тұрам ба?..

Мен осы кіммін?

...Қызылдармен қырғын кезде ұққа ұшқан,
Садық атам аруағына табынам!
Ахметтей КарЛАГ жақта жер құшқан,
Нағашы атам аруағына табынам!

Күңке әпкем , Кенебайдай атам да,
Өз тұсында жай адамдар болмаған.
Мен келемін көппен бірге қатарда
Бір әлемде ой менен жыр торлаған.

Аягөзім, Ақшатау мен Қалғұтым,
Менің үшін қасиетті мекенім.
"Қазағым!" деп, бар болмысым, бар бітім,
Текті ұлтымды мақтан етіп өтемін!

Жұмаш Көкбөрі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір