• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:02:55
Алматы
+35°

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті электр энергиясы тарифінің қымбаттауы туралы мәлім етті, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Энергетика саласындағы өкілетті органдар  айтқандай, станциялар бойынша тариф шамамен 15% көтерілді. 44 станцияның 32-сі бойынша тариф көтерілді. Бұл соңғы тұтынушылық бағаға аздап әсер етеді", – деп ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында жауап берді.

Төрағаның айтуынша, электр энергиясы тарифі 6-7% көтеріледі.

"Нәтижесінде тұтынушылар үшін баға шамамен 6-7% қымбаттайды. Одан артық қымбаттамайды. Мұндағы субъектілердің көпшілігі тарифті көтеру жұмыстарын келесі жылы бастайды. Онда әрбір субъектінің тарифтерін тексеріп шығамыз", – деді Дарбаев.

Сондай-ақ комитеттің төрағасы мәлімдеуінше, электр энергиясының жаңа тарифтік мөлшерлемесі 2021 жылдан бастап күшіне енеді.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: электр энергиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір