• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 22:55:22
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

01 Қараша, 2019 NEWS

АҚШ-та коррупциялық қылмыстық істе Қазақстан мен шенеуніктерінің аты аталған

АҚШ-та штаб пәтері Монакода орналасқан Unaoil компаниясының екі бұрынғы лауазымды қызметкері шетелдік компанияларға тиімді келіссөзді қамтамасыз ету үшін тоғыз елдің (оның ішінде Қазақстан бар) шенеуніктерімен коррупциялық келісімге барғанын мойындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып. 

АҚШ-тың әділет министрлігі өткен сәрсенбі күні 51 жастағы Сайрус Ахсани мен 46 жастағы Саман Ахсани наурыз айында мұнайгаз компанияларының мүддесі үшін шетелдерде коррупция жасағанын мойындады деп мәлімдеді.

рпар

Мәліметке қарағанда, олар 1999- 2016 жылдар аралығында Алжир, Ангола, Әзербайжан, Конго демократиялық республикасы, Иран, Ирак, Қазақстан, Ливия және Сирия елдерінің шенеуніктерімен коррупциялық әрекетке барған. Бұл жөнінде Reuters агенттігі АҚШ прокурорларына сілтеме жасап хабарлады.

Әзірге Қазақстандағы қандай компаниялар мен шенеуніктермен келіссөз жүргізілгені белгісіз. Қазақстан билігі де бұл мәселеге түсініктеме бермеді.

Ағайынды Ахсаниларға сот үкімі келесі жылдың 20 сәуірінде шығуы тиіс. Екеуі де беделді Ахсани отбасының мүшесі. Unaoil компаниясының негізін Ираннан келген эмигрант Атой Ахсани салған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір