• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:09:43
Алматы
+35°

Маңғыстау мұнайын өндірушілердің алғашқы қонысы, қасиетті қарашаңырағы деп аталып келген Қызылсай ауылына 60 жыл толып отыр. Жаңаөзеннің қала болып қалыптасуының бастауы болған ауылдың бүгінде ажары артып, шағын қалашыққа айналды. Мерекелік кешке орай мәдениет үйінде «Алтын бесік-Қызылсай» атты салтанатты жиын өтті. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хат пен мерекелік төсбелгілер табыстады.

- 1958-59 жылдары аңызақ иен далада 20 шақты жанұя жертөлелерді қоныс қылып, мұнай өндірісінің алғашқы қарлығаштары ретінде жаңа елдімекенді өмірге әкелген болатын. Бүгінде 5500-дей тұрғынға құтты мекен болған Қызылсай ауылы – кешегі ел ырзығын абыроймен жиған аға-әкелердің, апа-аналардың маңдай терінің, ерен еңбегінің өлшемі. Өзеннің ойына су ағары жалғасып жатқан терең сайды «Құр Қызылсай», қазіргі ел қоныстанып отырған, кезінде он-он бес үй барлаушылар келіп қоныстанған сайды «Сулы Қызылсай», ал су ағары анау «Ақмолаға» қарай бағытталған сайды «Жаман Қызылсай» деп қарияларымыздың атап кеткен мекені бүгінде береке артып, түгел бір қалаға бергісіз елді мекенге айналды. Дәл осы қарашаңырақта терең білім, тума талант, ауылдың ауасымен сусындаған, ел басқарған азаматтарымыз дүниеге келген. Ендеше, Қызылсай ауылының құт-берекесі мен ажары арта берсін, - деп аймақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді. Қызылсай ауылыҚызылсай ауылы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір