• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:50:38
Алматы
+12°
Қазақстанда үш әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  24.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбекке жарамсыз болып қалған, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылып қалған жағдайда берілетін жәрдемақылар көбейеді. Бұл төлемдер жаңа есептеу механизмдерін қолдану арқысы іске аспақ. Мысалы, еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайды, ол адамның жағдайы жеке  қарастырылады. Ал асыраушысыз қалған отбасының адам саны ескеріледі. Сонымен қатар, жұмысынан айрылғаны үшін берілетін әлеуметтік төлемдердің ұзақтығын еңбек өтіліне байланысты алты айға дейін төлеу жоспарланған. Қазір заң жобасы парламент мәжілісінің қарауында жатыр.

"Барлық үш төлем де орта есеп бойынша 30% -ға өседі деп жоспарланып жатыр. Өзгерістер 2020 жылы күшіне енеді. Сонымен қатар, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еңбекке жарамдылықтан және асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушылардың барлығына бір реттік қайта есептеу жүргізіледі", - деп түсіндірді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарушы директоры Марат Жәнібеков.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір