• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:08:05
Алматы
+35°

АҚШ-та қайтыс болған 17 жастағы Дэвин Айсұлу Такабаридің суицид жасауына не себеп болғаны белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының дерегінің негізге алып. Бұл туралы оның асырап алған әкесі айтып берді.

Айсұлуды 1 жасында Қостанай қаласынан америкалық ерлі-зайыпты асырап алған. Кішкентай кезінде көйлек киіп, домбыра сабағына қатысып, сурет салуды жақсы көрген. Алайда есейе келе өзгере бастады. 

Ал жасөспірім кезінде Айсұлу өзінің трансгендер екенін айтып, атын Дэвин деп өзгерткен. Кейін ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) белсендісі болыпты. 

"Ол ұл болатынын айтты. Бірақ физикалық жағынан трансгендер емес еді. Осылайша Диана Айсұлу Дэвин болды. Біз қайран қалдық. Бірақ оған қолдау білдіруге тырыстық", - дейді Айсұлудың асырап алған әкесі Уайн Тэкабари.

Сондай-ақ әкесі соңғы кездері Айсұлудың мінезі өзгеріп, қиындап кеткенін айтты. 

"Соңғы 3 жылда ол қатты қиналды. Тіпті емханада жатып, эмоциясын басқаруды үйренді. Сонымен қатар, Девин бір жігітті қатты жақсы көрген. Жауапсыз махаббаттан зардап шекті. Оның үстіне жаңа, жоғары мектепте үлкен қысымға тап болды. Кейін мұның бәрі оның өзіне қол жұмсауына себеп болды. Суицид жасады", - деді Айсұлудың асырап алған әкесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір