• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:42:53
Алматы
+35°

Мәжілістегі үкімет сағатында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді ұсынуда жалақыға қойылатын талаптың төмендеуі мүмкін екенін айтты.

Депутат Құралай Қаракеннің «жалдамалы пәтерге өтініш беруші жастардан талап етілетін жалақы мөлшері төмендетіле ме» деген сауалына министр қажеттілікке қарай төмендетуге болатынын мәлім етті.

– Бұл сауалға қатысты мәселе туындайды деп ойламаймын. Сараптама қажеттілікті көрсетсе, біз оны істейміз. Жыл соңына шейін алғашқы пәтер кілттері табысталады. Қазіргі таңда Алматыда 200 адамнан өтініш келіп түсіп үлгерді Біз жаңа үйлерді салып үлгермейтіндіктен, әкімшіліктерге екінші нарықтағы пәтерлерлі сатып алуына рұқсат бердік, – деді ол.

Министр сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бөлек, 2022 жылдан бастап өзге қалаларда да жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді беру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Ескерте кетелік, жалдамалы пәтерлер аталған үш қала бойынша 5 жылға беріледі. Ол үшін 2 жыл тұрақты тіркеуғ 101 мың теңге жалақы талап етіледі.  Пәтердің жалдау ақысы айына 15 мың теңгеге дейін болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір