• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:21:08
Алматы
+35°

Елдегі фармацевтикалық кенцерндердің жұмысы былтырғы құлдыраудан кейін қайта қарқын ала бастады, деп хабарлайды Energyprom сайты.

Дәрілік заттар өндірісінің жалпы жиынтығы былтырғы 55,5 млрд теңге көрсеткішінен, биыл 65,3 млрд теңге шамасына дейін артқан. Өнеркәсіптік өндіріс индексі 112,5 пайызды көрсеткен.

Аталған саладағы өнеркәсіп орындары Шымкент (23,1 миллиард теңге), Алматы қалалары (14,2 миллиард теңге) мен Алматы облысында (21,1 миллиард теңге) шоғырланған.

Өндіріс клемінің артқанына қарамастан дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 8,2 пайызға қымбаттаған. Дәрумендер 11,4 пайызға қымбаттаса, анальгетиктер бағасы 10,6 пайызға, корвалол мен антибиотиктер бағасы 9,3 пайызға өскен.

Келер жылдың 1 қаңтарынан балаларға дәрігерлер тағайындаған дәрілер медсақтандыру аясында тегін ұсынылмақ. Бұл бастама қажетті препораттардың үштен бірін қамтитын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір