• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:24:50
Алматы
+35°

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асыру аясында жыл басынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар  арасынан 5865 адам қамтылды.

Жұмыссыздардың бәсекелестігін арттыру мақсатында жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту жұмысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 905 адам жіберілді. Оқыту  кондитер, 1-С білімі бар ЭЕМ операторы, бухгалтер және т. б. 30 мамандық бойынша жүргізіледі.

Қалалар мен ауылда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін екінші бағыт іске асырылуда, ол Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды және бизнесті ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге микрокредит беруді қарастырады. Жыл басынан "Бастау – Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 78 адам жіберілді, оның ішінде 60 адам оқуды аяқтап, сертификат алды.  Жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге 51 қатысушыға 371,7 млн теңге сомасына шағын несие берілді. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарды 78 адам алды. 35,600 млн теңге игерілді.

2793 адамға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, олардың 109-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздарды жұмысқа бейімдеуге және белсенді әлеуметтік қолдау үшін арналған "әлеуметтік жұмыс орны" бағдарламасы жұмыс істейді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 300 адам жұмысқа орналастырылды.  Қатысушылардың орташа айлық жалақысы айына 64977 теңгені құрады (2018 жылы – 57336), қатысу ұзақтығы 1 жылға дейін.

Еңбек нарығындағы жағдайды оңалтуға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жақсы әсер етті, олар уақытша жұмыспен қамтылуды ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың жұмысқа деген белсенділігін арттыруға оң әсерін тигізеді, алдын ала кәсіби дайындықты қажет етпейді. Қоғамдық жұмыстарға 593 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар қала мен ауыл өңірлерін абаттандыру, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, құжаттармен жұмыс істеу және басқа жұмыстарына қатысты. Қатысушылардың еңбекақысы айына 42500 теңгені құрайды, қатысу ұзақтығы 1 жылға дейін.

"Жастар тәжірибесі" жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық мекемелердің түлектерін жұмыспен қамту проблемасын табысты шешуі. Ол түлектерге мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе және жұмыс дағдыларды алуға мүмкіндік береді, бұл кейіннен олардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады. Биыл жастар тәжірибесіне оқу орындарының 475 түлегі жіберілді. Қатысушылардың орташа айлық жалақысы 63125 теңгені құрады. Қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарының жұмыс күші мол өңірлерінен 27 отбасы (49 адам) және Өзбекстаннан 1 оралман қоныс аударды. Көшуге 4,596 млн теңге субсидия төленді, тұрғын үй жалдау (жалдау) бойынша шығындарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге – 11,677 млн. теңге.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы қаланың еңбек нарығына оң әсерін тигізді. 2019 жылдың 31 қарашасына қаланың тіркелген еңбек нарығында жұмыссыздар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 40,4%-ға төмендеп 1693 адамды құрады.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір