• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:17:52
Алматы
+35°

Бұдан былай сотталмағаны туралы анықтама, зейнетақы қорынан үзінді көшірме және басқа да танымал 26 қызмет түрін алу үшін ХҚО жүгірудің немесе компьютер іздеудің қажеті жоқ. Смартфонға eGov mobile мобильдік қосымшасын жүктеу жеткілікті. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының facebook-тегі парақшасында хабарланды.

"Ол үшін ЭЦҚ болуы және eGov порталындағы жеке кабинетіңізде мобильдік телефон нөміріңіз тіркелген болуы қажет. Осылайша, мобильдік қосымшадан өзіңізге қажетті анықтамаларды кез келген уақытта жүктей аласыз. Қолдану қызметі барынша ыңғайлы болуы үшін "Электрондық үкімет" порталының веб-әзірлеушілері Face ID немесе Touch ID (саусақ таңбаңыз арқылы қол қою) кіру жүйесін әзірледі.

Қайтадан кірген кезде сізге тағы Электрондық-цифрлық қолыңызды енгізудің қажеті болмайды. eGov mobile қосымшасы ешқандай шығынсыз және күш жұмсамай-ақ қажетті құжаттарды алуға әрі керек мерзім ішінде оларды жұмысқа, салық комитетіне немесе елшілікке ұсынуға мүмкіндік береді" делінген хабарламады.

Сондай-ақ аталған қосымшада электрондық жеке куәлік қызметі қолжетімді. Оны QR-код көмегімен алуға болады.

eGov mobile қосымшасын Play Market (Android) және App Store-дан (iPhone) жүктей аласыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір