• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:31:10
Алматы
+35°
 

ҚР премьер-министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы туралы баяндады. 

Р. Склярдің хабарлауынша, қазіргі уақытта 6 443 ауылда 7,7 млн адам тұрады (ел халқының 42%).

«Бүгінгі күні ауылдық жерлерде бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Ауылдың жартысынан астамында көшелерді жөндеу қажет. Инженерлік желілер тозуының жоғары деңгейі байқалады. Көптеген ауылдарда, білім беру және денсаулық сақтау объектілері жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты ауылды дамыту үшін кешенді тәсіл қолдануды ұсынамыз», – деді Р. Скляр.

Қазіргі уақытта даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынды, оның ішінде – 1 150 тіректі және 200 шекара маңындағы ауылдар енгізілген 2 327 спутниктік ауылдар. Аталған ауылдарда 6,6 млн адам немесе ауыл халқының 85%-ы тұрады, оларды дамыту басымды түрде болады.

Халық саны өсуінің, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының жалпы қосылған құнның, халықтың жұмыспен қамтылуының жыл сайынғы өсу динамикасы бар осындай ауылдар ірі елді мекендерге жақын орналасқан.

«Бұл ауылдардағы мәселелерді кешенді шешу үшін айтарлықтай қаражат қажет. Алдын ала есептеулер бойынша 900 млрд теңге қажет, бұл ретте республикалық бюджеттен 70% немесе 630 млрд теңге, ал қалған 30% немесе 270 млрд теңге – жергілікті бюджеттен бөлу ұсынылады. Аталған қаражаттарды 2027 жылға дейін бөлу ұсынылады», – деді Р. Скляр.

2019 жылы шамамен 700 мың адам тұратын 53 ауылда 30 млрд теңге сомаға 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. 

Бұлар әлеуметтік (мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары) және инженерлік инфрақұрылымдарды (жолдар, су, электр, жылумен қамтамасыз ету және т.б.) жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі жобалар . Қаражаттар жоспарлы түрде игерілуде.

Жалпы бөлінетін қаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және іске асырылып жатқан жобаларға жаңа дағды алу мақсатында, ауыл жастары тартылатын болады. Жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды жаңғырту ауыл экономикасын дамытуға жаңа серпін береді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру 7 жыл ішінде 7 млн. ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 7 мың км астам кентішілік көшелер салынып, жөндеуден өткізіледі. Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Жалпы, барлық шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір