• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 02:59:15
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

06 Қараша, 2019 NEWS

Ресей 11,6 га жер телімін Қазақстанға қайтарады

Ресей Байқоңырда жалға алған 11,6 гектар жерді Қазақстанға қайтарады. Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында "Байқоңырды" жалға беру келісіміне өзгерістер енгізілді. Енді бұл жер телімін Қазақстан өз мақсатына пайдалана алады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды. 

Аталмыш хаттама бойынша, Ресей 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатылады. Төрт жер учаскесі Қазақстанның пайдалануына беріледі.

"Жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр. Бұл жер телімі Қызылорда облысының дамуы үшіни қажет және облыстың әлеуметтік жағдайы мен экономикасына оң әсерін тигізеді. Аталмыш жерде республикалық маңызы бар нысандардың құрылысы жүреді", - деді ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. 

Айта кетсек, аталған аумақ Ақай мен Төретам елді мекендеріне жақын маңда орналасқан.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір