• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:10:12
Алматы
+35°

Тәжік-өзбек шекарасына шабуыл жасағандар Ауғанстаннан өткен ДАИШ содырлары екені белгілі болды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды,  РИА Новости -ге сілтеме жасап.  

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) шекара күзеті бөлімінің баспасөз қызметінінің мәлімдеуінше,  3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекара жасағынан Кубодиен аумағына өтіп, бей-берекетсіздік орнатып тәжік жерінде жарылыс ұйымдастырмақ болған. 

Еске салсақ, түнде 20 адамнан құралған, бетперде киген топ ұрыс қаруымен Өзбекстанмен шекарада, Душанбенің батысынан 60 шақырым жердегі "Сұлтанабад" шекара жасағы әскери бөлімінің № 4 "Ишкобод" шекара бекетіне шабуыл жасаған.

Шабуыл барысында белгісіз топ 5 автоматты алып үлгерген.

–Күш құрылымының операциясы барысында қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды. Қарулы қақтығыста шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер қаза тапты, – деді Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігінің мемлекеттік комитетіндегілер.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып,  тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір