• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:32:22
Алматы
+35°

Елімізде жүргізуші куәлігінен айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұл көлемін  арттыру жоспарланып отыр. Бұл мәселені  Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасының екінші оқылымында мақұлдады, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Мәжіліс отырысында депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.

"Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті (25 250 теңге) құрап отыр", – деп төменгі палатаның заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин мәлімдеді.

Сондай-ақ тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) ұлғайтылмақ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жүргізуші куәлігі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір