• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:19:44
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақ-стандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артты-ру» деп аталған Жолдауында ауыл тұрмысын көтеруге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырған болатын. Ол жайлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», - деген еді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының 3 елді мекенінде түрлендіру жұмыстары іске асуда. Яғни Байзақ, Жамбыл, Шу аудандарының орталықтарында 2 миллиард 77 миллион теңге тұратын 108 жоба жұмысы аяқталуға жақын. Оның 104 жобасы әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымдары нысандарын жөндеу бойынша болса, қалған 4 жоба әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізуге арналған. – Жобаларды іске асыру жұмыстары бекітілген Жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымды бюджет бойынша міндеттемелер алу маусым айына жоспарланып, төлемдер шілде айынан басталды, құрылыс жұмыстары бойынша міндеттемелер алу шілде айына жоспарланып, төлемдер тамыз айынан басталды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері – 108 жоба бойынша барлығының нәтижесі анықталып, мердігерлермен келісім-шарт жасалған (оның ішінде 4 құрылыс жобасы), барлық жобада жұмыстар басталып, 85 жобада жұмыстар аяқталды. Қаржыландыру мәселесі бойынша 1 қазан айындағы ақпаратқа сәйкес, шілде-қыркүйек айларында жоспарланған жобаның 98 пайызы орындалды,-дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүзеге асуда. Мұның бәрі де жергілікті жұртшылықтың жағдайын жақсартуға, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған баянды бастамалар екендігі сөзсіз. Ең басты мақсат та осы. Олай болса жарқын жобаның жемісінің мол болатындығына сенім де зор. Игілікті істер алдағы уақытта да лайықты жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір