• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:33:52
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

31 Қазан, 2019 Аймақтар

Кәсіпкерлікке кең өріс

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылатындығын айтқан болатын. Бизнестің алға бастыруда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының берері мол. Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында Жамбыл облысында өз ісін дөңгелетіп әкеткен жастар жетерлік. Соның бірі-Жамбыл ауданының тұрғыны Мөлдір Құрманалиева. Ол аталмыш бағдарлама арқылы 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіпті. Бұл қаржыға ол сұлулық салонына қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жеке кәсібін бастап кеткен. Бүгінде 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкер визажист болғысы келетін қыз-келіншектерді оқытуды қолға алыпты. Алдағы уақытта осы бағдарлама арқылы оқыту орталығына ашуды жоспарлап отыр екен.

Расында, бүгінде оқу орнын бітіріп алып, тұрақты жұмыс таппай жүрген жастар жетерлік. Бұл орайда, аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша «Жастар практикасы» көптеген жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуына маңызды рөл атқарып келеді. Осылайша, «жастар практикасы» арқылы өзін жақсы қырынан танытқан маманның бірі Әзиз Кәдірханұлы. Аса ауылдық округінің әкімдігінде аталған бағдарлама бойынша тәжірибеден өтуге келген ол небары 1,5 айдың ішінде тұрақты жұмысқа қол жеткізіпті. Қазіргі таңда статист болып қызмет етіп жатқан жас маман туралы ауыл әкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков тек жақсы пікірде.

Тастөбе ауылының тұрғыны Жансейіт Мейірханов аталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3,5 миллион теңге мөлшерінде жылқы шаруашылығына несие алыпты. Бұл қаржыға 10 жылқы алған ол қосымша 5,5 миллион теңге тағы несие рәсімдеп, 20 жылқы сатып алған. Қазіргі таңда қорасында 30 жылқы бордақылап жатқан Жансейіт алдағы уақытта бие байлап, қымыз өндіруді жоспарлап отыр екен.

– Бағдарламаны іске асыру мақсатында кешенді жоспар бекітіліп, 2740 адамды жұмыспен қамту межесі қойылды. Қазіргі таңда 2324 адам үш бағыт бойынша жұмыспен қамтылды. Бірінші бағыт қатысушыларды техникалық және кәсіптік, қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету бойынша 220 адамға қаржы бөлінген еді. Дегенмен біз 258 адамды оқытып, 126-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Екінші жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында 140 адамға несие беру үшін 590 миллион теңге қаражат қаралған болатын. Бүгінде оның 105-і алып үлгерді. Яғни, қаржының 80 пайызы игерілді. Сондай-ақ биыл көпбалалы аналар мен жастарға мемлекеттік гранттар бөліне бастағаны белгілі. Нақтырақ айтқанда, 100 АЕК мөлшерінде 3 адам грант алса, 40 адам 200 АЕК көлемінде грантқа қол жеткізді. Ал үшінші бағытымыз халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстары арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына 100 адамға қаржы бөлінгенімен, нақты уақытта 109 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ жастар практикасына 220 адам жолдау жоспарланғанымен 236 адам жолданып, оның 128-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі 41 азаматты жұмысқа орналастыру бекітілген болса, 66 адамды жұмыс тапты, – дейді Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Асқар Жанқоразов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір