• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:18:52
Алматы
+35°

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында және Жастар жылына орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастырумен қазақтың біртуар ақыны, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың..!» атты концерттік бағдарлама өтті.

Концерттің шымылдығын филармония әншісі Перизат Орынбекова «Туған өлке» әнімен ашты. Мұнан соң Әділет Әбдікерімнің орындауында «Сәби болғым келеді» әні орындалып, тыңдармандарды серпілтті. Сөзі мен әні келіскен сырлы концертте ЛЭД экран арқылы Мұқағали өлеңдері оқылып, рухани кештің шырайын ашты. Концертте белгілі композиторлар Тұрсынғазы Ахметов, Әбиірбек Тінәлі, Мұратхан Егінбаев, Табылды Досым, Лена Әбдіхалықова, Қанат Ыбырайымовтардың сөзіне жазылған әндер орындалды. Облысымызға танымал ҚР Мәдениет қайраткері Разия Мәдіханова «Ризамын», Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова «Есіңе мені алғайсың», Маралбек Бабақұлов «Әке», Мадина Сағымбекова «Ұнатамын мен сені», Ғани Мәтебаев «Аңғал досым» және «Марғұлан мен Сұлужан» дуэті «Құмған алған» әндерін орындаса, жас әншілер Азамат Әлмерек, Қайсар Көкішев, Дәулет Махан да өз өнерлерін ел назарына ұсынды. Әсіресе дәстүрлі әнші Айгүл Мақашеваның домбырамен орындаған «Дариға-ай, домбырамды берші маған» әні де концерт қонақтарының ыстық ықыласына ие болды.

Кеш көрермендері Мұқағалидің сөзіне жазылған әндерді әншілермен бірге шырқап, қошемет етіп отырды. Сырлы әндерден рухани сусындаған жұртшылық шараны ұйымдастырушылар мен өнер азаматтарына алғыстарын айтып тарқасты. Концерттік бағдарламадан рухани ләззат алып шыққан тараздық тұрғынның бірі-Нұрбану Бердімбетова.

-Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен мектеп кезінен жақсы таныстын. Өлеңдерін әлі күнге дейін сүйіп оқимын. Бүгінгі кеш те керемет әсер сыйлады. Алдағы уақытта осындай мазмұнды шаралардың көбірек өтетіндігіне бек сенімдімін. Өйткені, мұндай концеттер жастардың талабын шыңдап, талантын танытуға да үлкен септігін тигізеді ,-дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір