• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:52:11
Алматы
+35°

Жыл ішінде жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі 7000 адамның қатысуымен 121 іс-шара ұйымдастырған. Этномәдени бірлестіктердің жастары мен жас аналардың қатысуымен отбасының ролі туралы ақпараттық кеңестер өткізілді. «Отбасы және медиация» әлеуметтік жобасы бойынша отбасылық сот бойынша 21 отырыс өткізіліп, 14 отбасы сақталып қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. ҚР Жоғарғы Сотының «Жанұялық сот» пилоттық жобасы шеңберінде «Бастау» жұмыс тобының 14 отырысына қатысып, ажырасуға келген 28 жұптың мәселесі қаралды.

Сондай - ақ көпбалалы әйелдер арасында әлеуметтік жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібін түсіндіру бойынша 6 көшпелі (Меркі, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жуалы және Қордай аудандарында) отырыс өткізілді.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабы 58 іс-шара өткізіп, оған 2572 жас қамтылды. Атап айтсақ, облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Ақ желкен» жастар лигасы және этномәдени бірлестіктердің 70 белсенді мүшелері жыл сайынғы акциясын өткізіп, 31 литр қан тапсырды, сонымен қатар, «SARQYT», «Өмір сыйла» қайырымдылық акциялар, «Қазақ халқына мың алғыс» флешмоб ұйымдастырылды.

Облыстық «Жаңғыру жолы» жастарына республикалық «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында Түркістан облысының тарихи жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Шараға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының мүшелері, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқушылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, барлығы 50 адам қатысқан.

Көне Тараз шаһарынан ежелгі Түркістанға бет алған жастардың керуені Шымкент қаласына тоқтап, жергілікті Ассамблея жастарымен кездесті және Қожа Ахмет Яссауи, Рабиға - Сұлтан Бегім, Шәуілдір ауылындағы Арыстан-Баб кесенелері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында орналасқан емдік қасиетке ие шығыс монша, Хильвет жер асты мешітіне, Отырар қалашығы мен тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасалды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, меценат, облыстық мәслихаттың депутаты және Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Сейдазимов, «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Г.Умаров, Жамбыл ауданы Аса ауылының «Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы «Жастар клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, меценат А.Разакованың қатысуымен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелерімен кездесу өткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір