• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:46:00
Алматы
+35°

Қарқынды даму жолына түскен еліміздің әр аймағында әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Әсіресе, соңғы жылдары ауылды жерлерде атқарылған жұмыстар көңіл қуантады. Әсіресе, түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы ажары ашылған ауылдар аз емес. Сондай елді мекеннің бірі – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Отар ауылының іргесінен орын тепкен, ел аузында «Военсовхоз» атанатын елді мекен жері Алматы облысынан Жамбыл облысына өткелі көп уақыт өтпегенімен, осы мекен тұрғындарының көкейінде жүрген көптеген мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Соған дәлел ретінде биыл мұндағы Абай көшесіне асфальт төселіп, жұртшылықтың бір тілегі орындалды. Жөндеу жұмыстарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын мердігер «Ақ Жол Сервис 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі уақытылы орындап шыққан. Сонымен қатар, №43 орта мектептен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралыққа да асфальт төселіп, оқушылардың мектепке қатынауы жеңілдей түскен. Бұл жұмысты жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа «Нұр Сервис-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып шығыпты.

Отар ауылының Гагарин көшесі түнгі мезгілде ендігәрі самалдай жарқырап тұратын болады. Көше бойына жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, тіпті арнайы трансформатор да қойылған. Сол маңда орналасқан кейбір үйлерге жарық сымдары да тартылып беріліпті. Бұл мәселе, аудан басшысы Болатбек Байтөленің халық алдындағы есепті кездесуі кезінде көтерілгенін айта кеткен жөн. Тұрғындардың бұл тілегі сол сәтте басшылықтың назарына алынып, бүгінгі таңда толықтай шешімін тауып отыр. Аталмыш жұмыстарды жүргізген «Қордай-Электросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ол көшеге электр қуатын үнемдейтін заманауи шамдар орнатыпты.

Аудандағы ірі елді мекен саналатын Отар ауылдық округі еліміз бойынша үлкен әскери базамен іргелес жатқаны белгілі. Осыған орай мұнда көлік қарқыны да өте жоғары. Сол себепті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы округ аумағындағы жол белгілері жаңартылып, қауіпсіздік шараларына аса көңіл бөлінген. Белгілерді орнату жұмыстарын мердігер «Kaz Express Stroy» ЖШС өз мойнына алып, бөлінген қаржыны тиімді игерген.

Ауданда соңғы жылдары ауыз су мәселесін шешу жұмыстарына аса ден қойылуда. Былтыр ғана Ауқатты ауылының су құбыр жүйесі жаңартылып, жаңа су кернеуіш мұнара орнатылса, биыл Әлжан ана ауылының ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Аудан әкімі Отар ауылдық округіне барған жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындар ауыз су мәселесін көтерген еді. Болатбек Байтөле сол кезде «Қордай су» КМК мамандарына аталмыш мәселені қолға алуды тапсырып, өз бақылауына алған болатын. Көп күттірмей кеңес заманында салынған көлемі 25 текше метрлік ескірген су мұнарасының жанынан 50 текше метрлік жаңа мұнара орнатылды. 23 метр биіктіктегі резервуар жоғары қысыммен тұтынушыға суды еркін жеткізеді. «Қордай су» мекемесінің мамандарының айтуынша, тұрғындар суды тиімді пайдаланып, тек тұрмыстық қажеттілікке жаратса, елді мекен тәулік бойы сумен қамтылатын болады. Ендігі кезекте отарлықтар есептегіш құралын орнатып, жақын арада мұнара іске қосылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір