• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:00:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

06 Қараша, 2019 NEWS

Омбыда суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіш қойылды (фото)

Ресейдің Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығы жанында омбылық суретші Амангелді Шәкеновтің мүсіні орнатылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazembassy.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Ескерткіштің ашылуында Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов Амангелді Шәкеновтың Қазақстан Суретшілер одағының академигі болғанын және екі ел арасындағы рухани байланысты дамытуға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

ваав

"Амангелді Әбдірахманұлының суретші ретінде Ресейде қалыптасқаны сөзсіз, бірақ үлкен атақ-даңқты Қазақстаннан тапты. Оның туындылары әр уақытта да ресейліктер мен қазақстандықтардың жүрегінен ойып орын аларына, суретшінің бауырлас қос халықтың жадында мәңгіге қаларына сенімдімін", – деді елші.

аап

Ескерткішті Санкт-Петербургтен келген мүсінші Мейрам Баймұханов қола мен граниттен жасаған. Орындықта ойға шомып отырған Амангелді Шәкеновтің мүсіні мен оның артына мольберт тұр. Тұғырға "Амангелді Шәкеновке – суретші және ұстазға" деп жазылған.

вав

"Екі мемлекеттің мәдениетінде жарқын із қалдырған адамның ескерткіші Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумында ашылуы тегін емес. Біздің елдерімізді тек географиялық орын мен тығыз экономикалық байланыс қана емес, осы ескерткіште бейнеленген ортақ мәдени дәстүрлер де біріктіреді", – деді Омбы облысы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Валерий Бойко өзінің құттықтау сөзінде.

Ресейдің еңбек сіңірген мәдени қайраткері және Қазақстан өнер академиясының академигі Амангелді Шәкенов 2018 жылдың 1 мамырында 74 жасында қайтыс болды. Шығармашылық өмірінде суретші көптеген туындылар салды. Оның еңбектері Алматыдағы Ә.Қастеев музейінде, Президенттік мәдениет орталығында, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Өнер академиясы қорында және жеке топтамаларда сақтаулы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір