• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 14:00:37
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

07 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

61 тонна қауіпті жеміс пен көкөніс  Қазақстан аумағына кіргізілмей, кері қайтарылды

Абайламаса, болмайды. Жеген жемісіңіз сапалы болсын!

Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 60 тоннадан астам қауіпті импорттық дәнді дақылдар, жидек,  көкөністер мен жемістерді тәркілеп, кері қайтарды. Тауарлар елімізге Ресейден, Қытай мен Өзбекстаннан жеткізілген.

Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандаринде қауіпті карантиндік зиянкестер - қара цитрустық аққанат (Aleurocanthus woglumi Ashby) және Косток құрты (Pseudococcus comstocki (Kuwana) анықталды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қаптама таңбалары жоқ 26 тоннадан астам құрма, 4,4 тонна жүзім, 2,4 тонна қызанақ және 126 келі лимон, фитосанитарлық сертификатты жоқ 5 тонна бидайдың Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан тыйым салынған өнімді қол жүгі арқылы өткізудің бірнеше оқиғасы тіркелді.

Бір апта ішінде Түркістан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында жоғары фитосанитарлық қаупі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз жеткізудің 15 жағдайы анықталды. Ел аумағына тасымалдауға тыйым салынған өнімдер Өзбекстан Республикасына, Ресей Федерациясына және ҚХР-на кері қайтарылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, Президент Қ.Тоқаев шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Сонымен қатар, аталмыш заң күшіне енгеннен кейін ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір