• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:06:57
+35°
 
16 жастағы Қарағанды тумасы Стелла Смит DC комикстерінің негізінде түсірілген "Қара найзағай" телехикаясындағы жасөспірім Грейстің ролін ойнады. Сериалдың үшінші маусымы The CW арнасында қазан айынан бастап көрерменге жол тартты, деп жазады baigenews.kz.
 
Стелла түскен серияны мына жерден 20 мин 42 секундтан бастап көруге болады.

Бұл – этникалық қазақтың кинодағы алғашқы рөлі емес. Бұған дейін ол көптеген қысқаметражды фильмдер мен жарнамалық роликтерге түсіпті.  2020 жылы үлкен экранға оның қатысуымен түсірілген "Stargirl" фильмі жарыққа шықпақ. Ал алғашқы рөлін "Бойжеткен және оның зомбиі" туындысында сомдаған.


Стелла Смиттің өмірбаянында оның азия-америкалық әртіс екені жазылған. Ол америка азаматтары – Либерти мен Лаура Смиттің жалғыз перзенті. Олар оны 2004 жылы 8 айлық кезінде Қарағандыдан асырап алған. Либерти мен Лаура Смит ата-ана атанған күнді өмірлеріндегі ең бақытты сәттеріне балайды екен.
 

ап
Стелла бала кезінен модель болып жұмыс істеп келеді. Оның әртістік қабілетін байқаған ата-анасы қыздарын барынша қолдаған. Әртістік шеберлік курсына беріп, перзенттерінің арманын орындауға барын салған.


Оның алғашқы жұмыстарының бірі – "Stevie B’s" атты пиццерияның жарнамасына түсуі. Ол кезде Стелла 8 жаста болатын. 


Тегі қазақ америкалық бүгінде АҚШ-тағы ойын-сауық индустриясы мен БАҚ саласындағы қызметкерлердің "SAG-AFTRA" атты ірі одағының мүшесі. Paradigm Talent Agency және Cohen Entertainment агенттіктерімен келісім-шарт жасасқан.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір